Жаңалықтар

Күздің ізгі мерекелерінің бірі – қариялар мерекесі. Бұл күн жастардың, кішілердің бүгінгі бақытты шақтары үшін аянбай еңбек етіп, бейнет көрген қазыналы қарияларға алғыс айтар күні. 

Аталмыш шара колледждің студенттер үйінде тұратын жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына бағытталған.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Шара барысында жоғары курс студенттері түрлі жанрда өнер көрсетті. Іс жүргізу және мұрағаттау мамандығының 2 курс студенттері өз салаларымен байланыстыра би билеп берді. Ал 205 топ пен 202 топ студенттерінен құралған өнерпаздар заманауи бименен сахнаның көркін келтірлі. Сондай-ақ, 301 топ жігіттері көрермендердің көңілін көтерер флешмоб биін паш етті. Шара 1 курс студенттеріне студенттік билетті табыстау салтанатымен жалғасты. Бұл күн енді ғана студенттер қатарына қосылған жастар үшін естелікке толы күн болып есте қалмақ. 

Аталмыш жиналыс барысында білім ордамыздың негізгі мақсаты, білім беру мен тәрбие жұмыстары үдерісі жайында толық ақпарат берілді.

ТЖБ қызметкерлері Мақсат Д.Қ және Данабаев С.К колледждің жұмыскерлері түгел қатысқан жиналыста өрттің алдын алу жолдарымен, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті сақтау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл жиында Хромтау УЭС инженері Абдеев Алик мырза электр құрылғылары мен тоқты пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат берді. Шараның басты мақсаты жұмыс орнында ғана емес, күнделікті өмірде де кездесетін жағдайларда үрейге салынбай, барынша сабырлық сақтау арқылы өзінің де, өзгенің де өмірін сақтап қалуға ұмтылу қажеттігін жеткізу болды. Сондай-ақ, тақырыпқа сай бейнематериалдар ұсынылды.

Конференция тақырыбы: «21 ғасыр ата-аналары: өз балаңа үлгі бол». Конференцияға 2,3,4 курс студенттерінің ата-аналары қатысты.

Аудандық мәдениет бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған көрсетілімге колледждің 1, 2 курс студенттері куә болды. Аталмыш туынды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі мен ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел өміріндегі атқарған жұмыстарынан хабардар етеді.