Жаңалықтар

2018 жылдың желтоқсан айының 29-күні  колледждің  мәжіліс залында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітап бенефисі «Лингвист» клубының жетекшісі Қазтай Сейілхановна және де  101 топ кураторы Махаббат Рамазановнамен бірге ұйымдастырылып өтті.

«16 – желтоқсан» тәуелсіздік мерекесіне байланысты колледж ішілік іс-шаралар өткізуіне байланысты колледж  кітапханасында  «Желтоқсан- тәуелсіздіктің белгісі» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Қарашаның 20 мен 30 аралығында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары" онкүндігі өтті.

  • Онкүндік аясында 21 қараша күні 104, 105 және 102(3) топ студенттерінің арасында "Менің қоғамда алатын орным", "Мен жақындарыма жауаптымын"
    тақырыптарында эссе байқауы өткізілді.
  • 22 қараша күні колледж түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер келген қонақтарға түрлі сауалдар қойып, алдыңғы буын ағаларының тәжірибелерімен танысты.
  • Қарашаның 23-25 күндері «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Қаладағы халық көп шоғырланатын орындар мен көшелерде «Түнгі қаладағы балалар» рейді жүргізілді.

Колледждің белсенді студенттерінен құралған Студенттік кеңес жұмысын жандандыру мақсатында ұйым төрағасын сайлау жүргізілді.

Ұстаздар мерекесі күздің суық күнін ерекше жылылықпен толтырды.

6 қазан күні Кеншілер мәдениет үйінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында Таэквондодан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың республикалық ашық турнинірінің арнайы қонақтарымен конференция өткізілді.

Күздің ізгі мерекелерінің бірі – қариялар мерекесі. Бұл күн жастардың, кішілердің бүгінгі бақытты шақтары үшін аянбай еңбек етіп, бейнет көрген қазыналы қарияларға алғыс айтар күні.