Жаңалықтар

Студенттер таңертенколледж алдында сапқа тұрғызылды.Фестиваль ашылу салтанатында директордың орынбасары Марал Қансұлтанұлы құттықтау сөзін сөйледі.

Бүгін, қыркүйек айының төрті күні, колледжімізде тәрбие жоспарына сәйкес жыл сайын дәстүрге айналған шаралардың бірі – директор сағаты. Биылғы бұл шара алдымен бітіруші мамандық студенттерімен өткізілді. Колледж директоры жоғарғы курс студенттеріне артылған жүктің маңыздылығы мен студенттік кездің соңғы курсына жауапкершілікпен қарау керектігін ескерте, оларға сенетінін айтты.

1 қыркүйек күні Хромтау тау-кен техникалық колледжінде кезекті 2018-2019 оқу жылына арналған салтаннатты жиын өтті. Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері - алғаш рет оқу орнының табалдырығын аттаған 1 курс студенттері. Биыл кәсіптік білім алуға жалпы саны 150 студент қабылданды.

Бесінші қыркүйек күні Ақтөбе қаласыда облыс әкімінің қатысуымен «Жастары белсенді елдің – болашағы жарқын» тақырыбымен кеңейтілген жастар кеңесі болып өтті. Бұл жиын облыс өңірлері мен қала аумағындағы ЖОО-ның және арнаулы орта білім ордаларының Жастар Ісі жөніндегі Комитеттер төрағаларының басын түгел қосты. Кеңейтілген бұл конференцияға Хромтау тау-кен техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Утегуловна, ЖІжК төрағасы Гүлсезім Сәрсенқызы және «Zhas Project» жобасының жеңімпаздары Марат Еламан, Турлыбекова Жанар, Маханалина Анар, Нығметжанов Нұрдаулет қатысты.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі мен Хромтау тау-кен техникалық

Хромтау тау-кен техникалық колледжінде Еңбекті қорғау күні мен қауіпсіздік ережелеріне арналған бірнеше бағыттағы шаралар ұйымдастырылды.

Хромтау тау-кен теxникалық колледжінде "Бақытты бала" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 20 сәуірден бастап "Ата-анамыздың жұмысында бір күн" атты жобасы басталды. Бүгін алғашқы болып колледж қызметкерлерінің Хромтау қаласы  #2 гимназияда оқитын он оқушы ата-аналарының жұмыс орнымен, колледж тынысымен танысты. Әрі қарай жоба өз жалғасын келесі аптада жалғастырмақ.